21 Желтоқсан, 2011

Еркін дамудың кезеңі

293 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақ жерінің тұң­ғиығы табиғи байлыққа то­лып тұр. Мұнай мен газ­дың да, алтын мен көмірдің де мол қоры бар, бір сөзбен айтқанда, біздің жерімізде Менделеев кестесіндегі эле­мент­­­тердің барлығы дерлік кездеседі. Алайда, еліміз өз тәуел­сіздігін алмай тұрғанда осынау табиғи байлықты халық қаже­ті­не жарата алмадық. Сол себептен отандық экономикамыз­ды қарышты өркендету мүмкін болмады. Бұл жасырын емес. Тіпті Қазақстан тәуелсіздігінің елең-алаңындағы қиыншы­лық­тар да ұмытыла қойған жоқ. Тәубе деп айтайық, тәуелсіздік біздің еліміздің бағын ашты, экономиканың әр саласын еркін дамытуға даңғыл жол ашып берді. Мұны еліміздің әр өңі­рінің экономикалық-әлеуметтік дамуынан байқай аламыз. Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойлық салтана­тын­да сөз сөйлеген Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Қа­зақ­станды индустрияландырудың маңызы айрықша екеніне ор­ын­ды тоқталды. Өйткені, кез келген мемлекеттің индустриясыз өркен жайғаны кемде-кем. Әсі­ресе, бүгінгі жаһандану дәуі­рін­де индустриясы кең ауқымда дамымаған мемлекеттер бәсе­ке­ге қабілетті бола алмауы ғажап емес. Табиғи байлықты шикізат ретінде әлем рыногына молы­нан шығаруға болар, бірақ түп­тің-түбінде ен байлық таусыл­май­тын дүние емес қой. Міне, мәселеге осы тұрғыдан үңіл­ген­де Елбасының «Біздің жаңа индустрияландыру –Тәуелсіз­дік­тің мәңгілік қозғалтқышы. Бүгінде Қазақстанда электро­ни­каның, машина жасаудың, авиация құрылысының, локомотивтер мен вагондар өндірісінің, құрылыс индустриясының жаңа салалары мен елімізде бұрын ешқашан болмаған басқа да салалар құрылуда. Жаңа индус­трияландыру – жаңа ғасырдың кең ау­қым­ды өр­ке­ниетті жобасы» деп екпін түсі­руі­нің еліміз­дің келешегі үшін маңызы айрықша екенінде дау жоқ. Қазір еліміздің экономикасы шын мәнінде еркін да­мудың жолына түсті. Соның дәлелі ретінде Елбасы баяндамасында айтыл­ған­дай, индустрияландырудың инновациялық жобалармен ай­шықтала түскенін айта аламыз. Бұл жобаларды іске асырудан шағын және орта бизнес өкіл­дері тыс қалмайды. Өйткені, тәу­елсіздікпен бірге бұрын өңі­міз түгілі түсімізге кірмеген кәсіпкерлік саласы қарқынмен дами бастады. Бұл күндері кә­сіпкерліктің өркен жаюын эко­номиканың әр саласынан бай­қаймыз. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан үл­кен қолдау жасалды. Осы сала өкілі саналатын өзім де кәсіп­керлігімді тұз өндірісі сала­сында жалғастырудамын. Мұ­най­лы Атыраудың Индер ауда­нындағы тұз көлінен күнделікті өмірімізде жиі тұтынатын ас тұзынан бастап, техникалық тұз­ды да өндіреміз. Енді жаңа бір өнім түрін шығаруды бас­тағалы отырмыз. Мұның бәріне Тәңір сый­ын­дай болған Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отыр­мыз. Әр қазақ үшін, әр қазақ­стан­дық үшін бойтұмары­мыз­дай болған Тәуелсіздігіміздің қа­дірін арттырған Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі екені де жа­сырын емес. Елбасы елімізді ер­кін дамудың жолына түсірме­генде бүгінгідей бәсекеге қабі­лет­ті әрі сапалы өнімдер өн­діруге қадам жасамаған болар едік. Енді міне, бүгінгі биігімізді индустрияландыру арқылы нықтай беретінімізге сенемін. Өйткені, еліміз үшін еркін дамудың кемел кезеңі басталды. Абиырбек ТОҚТЫБАЕВ, «Тұз» ЖШС директоры. Атырау облысы.
Соңғы жаңалықтар