Салтанатты мереке күні бүкіл халық, отандастарымыз алдында сөз сөйлеген Елбасы «Қазақстандықтардың тұрақтылық пен келісім бағытын, үдемелі индустрияландыру, инновациялық даму мен интеграция бағытын қолдайтынына мен еш күмәнданбаймын, өйткені оған балама жоқ», деп атап көрсетті. «Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана біз мәңгі халық, мәңгі елорда және мәңгі мемлекет туралы айта аламыз», деп әрбір елім дейтін қазақстандықтың жүрегінде, санасында қалатын салиқалы сөздер арнады. Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар. Біздің тәуелсіздігіміздің басты жетістігі және оны нығайтудың шарты – халықтар бірлігі, деді өз сөзінде Елбасы.
Біздің облыс орталығында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында этномәдени орталықтар аллея-алаңы ашылды. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын «Достық үйінің» пайдалануға берілу салтанатты рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл күндері «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 18 этномәдени бірлестік, Ассамблеясының жастар бірлестігі, ұлттық өркендеу мектебі, «Ана тілі» тілдерді дамытудың оқыту-әдістемелік орталығы, «Қазақ тілі» қоғамы орналасқан. Сонымен қатар, 20 этностың мәдениетін дәріптейтін 42 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Мамыр айында «Мақсаты бірдің – рухы бір» ұранымен «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты этностық топтардың ХІV облыстық фестивалі өтті. «Ел қазынасы» жобасы аясында «Ертіс – достық өзені» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылады. Биылғы жылы этномәдени бірлестіктер жұмысын атқару ісіне 25 миллион теңге бөлінді. Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруде. Облыс аумағында осы бағыт аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрін үйрету облыстың лингвистикалық лагерьлері мен алаңдарының оқу бағдарламасына енгізілген. Еліміздегі халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісім, ынтымақтастық, бейбітшілікке ақ жол тілегім келеді.
Мен өзім, басқа да этномәдени орталықтар мүшелері сияқты Тәуелсіздік тойына арнаған Елбасы сөзінен жігер алып, қанаттандық. Еліміз достық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Бұл еліміз үшін аса үлкен мәртебе деп есептеймін.
Сейсенбай ЖЕТПІСБАЕВ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.
Павлодар.

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33