Қазақстан • 29 Шілде, 2018

ҚР Қорғаныс министрі Ресейде халықаралық Армия ойындарының ашылуына қатысты

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алабино» полигонынынң аумағында (РФ) Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов төртінші Халықаралық Армия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрі Ресейде халықаралық Армия ойындарының ашылуына қатысты

Халықаралық Армия ойындары халықаралық дәрежедегі теңдессіз шара. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш шара әскери қызметшілердің тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі әскери ынтымақтастықты да нығайта түседі.

Биылғы жылы Армия ойындары 7 мемлекеттің аумағында өтеді. Қазақстандық әскери қызметшілер ойын аясындағы 28 конкурстың 14-не қатысады. Аталмыш шара аясында Қорғаныс министрі Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасының мүшелерімен кездесті. Министр жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеп, олардың лайықты өнер көрсетіп, табандылық танытатындарына сенім білдірді.

Айта кетейік, бұл жарыста «Астана», «Оңтүстік», «Батыс» «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері өнер көрсетуге лайықты деп табылды. Ескерте кететін мәселе, 2017 жылғы Армия ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінен келген 150 команданың ішінде жалпыкомандалық есеп бойынша үшінші орынға тұрақтады. Ұйымдастырушылар Қазақстан командасын қатысушылары ең көп әрі белсенді ұжым ретінде бағалады. Ал халықаралық ойындардың төрешілер алқасы қазақстандық жауынгерлердің жоғары дайындығы мен кәсібилігін және біліктілігін ерекше атап өтті.