Жазғы спорт • 30 Шілде, 2018

Азия ойындарына Қызылорда облысынан 13 спортшы қатысады

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына Қызылорда облысынан 13 спортшы қатысады, деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Азия ойындарына Қызылорда облысынан 13 спортшы қатысады

Олар: байдарка және каноэде есуден Мерей Миербеков, каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада, Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова, Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина.

2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында қызылордалық спортшылар арасында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс медаль алған. Ал, қол добынан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені ие болған еді.

Төрт жылда бір өтетін Азия ойындарын негізінде Азия құрлығында тұратын мемлекеттердің Олимпиада ойындары десе де болады. Азия ойындарына 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан бұл айтулы жиынға 419 спортшысын дайындап отыр. Олар жарыстың 38 түрі бойынша шеберлігін сынамақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар