Қазақстан • 01 Тамыз, 2018

ІІБ азаматтарды қайырымдылық мақсатта қаражат жинау әрекеттерінде абай болуға шақырады

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы азаматтарды қайырымдылық мақсатта қаражат жинау әрекеттерінде абай болуға шақырады. 

ІІБ азаматтарды қайырымдылық мақсатта қаражат жинау әрекеттерінде абай болуға шақырады

Байқағанымыздай, соңғы кездері оңтүстік астанада жұртшылық көп шоғырланған орындарда «Қатерлі науқасқа шалдыққан балаға көмектесіңіздер!» немесе «Тұрмыс жағдайы өте ауыр» деген мазмұндағы жарнаманы желеу еткен жастар көбейіп кетті.  

Қаланың ІІБ мәліметінше, адамдардың ауыр тағдырын сылтау ете отырып ақша жинаған заңсыздықтар жиі кездеседі. Алайда, мұндай әрекеттердің анық-қанығына нақты көз жеткізу мүмкін болмай отыр. Сондықтан да құқық қорғау органдары қайырымдылық мақсатқа заңсыз түрде ақша жинаудың салдары алаяқтық ретінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша жауапқа тартылатындығын ескертеді. Осы орайда әрбір зерделі азамат қандай да бір мақсаттағы қайырымдылық шараларын заң органдарында арнайы тіркеуден өткен, осы салаға маманданған ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар арқылы жүзеге асыруы қажет.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ