Әлем • 01 Тамыз, 2018

Мексикада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

181 реткөрсетілді

Aeromexico әуе компаниясының ұшағы Мексиканың Виктория-де-Дуранго қаласының әуежайынан көтерілген сәтте апатқа ұшырады, деп хабарлайды euronews.com.

Ұшақ бортында 103 адам болған: 4 экипаж мүшесі, 97 ересек жолаушы және екі бала. Штат губернаторы Дуранго Хосе Росас Аиспуроның айтуынша, жолаушылардың бәрі аман.

Embraer 190 ұшағы Хенераль Гвадалупе Виктория әуежайынан ел астанасы Мехико қаласына жетуі керек болған. Алдын ала деректер бойынша, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар