Қазақстан • 02 Тамыз, 2018

Бурабайда жас геологтар бас қосты

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Бурабай курорттық аймағындағы «Балдәурен» респуб­ли­калық оқу-сауықтыру орталығында жас геологтардың V қа­зақ­стандық ашық далалық олимпиадасының ашылу салтанаты бол­ды.

Бурабайда жас геологтар бас қосты

Шараға Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төр­ағасы Ақбатыр Надырбаев, Пар­ламент Мәжілісінің депута­ты – Галина Баймаханова, Ресей Федерациясының бала-жас­өс­пі­­рімдік геологиялық қоз­ға­лы­сы­ның орталық кеңесінің төр­аға­сы, жер қойнауын пайдалану бойынша Федералды агент­тіктің бас маманы Свет­лана Яшина, «Мұнайшы-геолог­тар­дың қазақстандық ұйымы» АҚ пре­зиденті Балтабек Қуан­ды­қов сөз сөйлеп, олимпиада қаты­су­шы­ларына сәттілік тіледі.

Шараның қонақтары «Жас геолог» бірлескен қорына олим­пи­аданы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олим­пиада жастардың кәсіптік ба­ғытына, геология ғылымын зе­рт-
­­теуге оқушылардың қызығу­шы­­лығын арттыруға, өсіп ке­ле жатқан ұрпаққа геологияны ғылым ретінде дәріптеуге бағыт­тал­ғаны айтылды.

Олимпиадаға қатысып жат­қан 20 команданың ішінде Ресей Федерациясынан Қырғыз Респуб­ли­касынан, Өзбекстаннан келген қонақтар бар. Айта кетуіміз керек, 2010 жылы І қазақстандық олимпиадада барлығы 8 команда қатысқан болатын. Атап өтетін жайт, жас геологтардың тек команда саны ғана емес, дайындалу деңгейі де өскен.

Геология және жер қойнауын пай­далану комитетінің төр­аға­сы олимпиадаға қатысу – тео­рия­лық және практикалық б­і­лі­мі­ңді көрсетудің жақсы мүм­кін­дігі екенін атап өтті. Қа­ты­су­шы­лар­дың ішінен көбі өз өмірін өте ро­ман­тикалық мамандықтың бі­рі­мен байланыстыратынына үміт арт­ты және жақсы көңіл-күй, жарыста сәттілік тіледі.

Олимпиада қатысушыларын геологиялық тілмелер мен карталарды құру, маршруттар салу, минералогия және петрография негіздерінен білім сайыстыру күтіп тұр. Жас геологтардың V Қазақстан ашық далалық олимпиадасы 27-шілде мен 3-тамыз аралы­ғында өтеді.

«Егемен-ақпарат»