– Әлбетте бұл фото 1980 жылы түсірілді. Жақсылық Үшкемпіров Мәскеу Олимпиадасынан жеңіспен оралғанда қуанбаған адам жоқ. Абыройлы азаматты халық құшақ жайып қарсы алды. Олимпиадаға қатысушылар шеруі Алматыдағы М.Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрында өтті. Отызға келгенде орда бұзған саңлақ спортшымен кездесуге, құттықтауға келгендердің қарасы көп болды. Мен ол кезде КазТАГ-тың жас фототілшісі ретінде осы салтанатты шараны, айтулы оқиғаны түсіруге бардым. Сахнада атақты боксшы Серік Қонақбаев та отыр. Ол кезде екінің бірі қазіргідей смартфонға сарт еткізе алмайды. Өзім үшін де көзіме ыстық бұл суретті Олимпиада чемпионына естелік ретінде берген-бермегенім есімде қалмапты. Сондықтан түсірілгеніне 38 жыл өте шыққан фото даңқты тұлғаға да тосынсый болуы ғажап емес, – дейді Юрий Беккер.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ