Тәрбие • 02 Тамыз, 2018

Он бір жасар жазушы

223 реткөрсетілді

Қазіргі жастар кітап оқы­май­ды деген пікір жиі айтылады. Мұғалімдер керісінше айт­қа­ны­мен астарында шын­дық жоқ емес. Бірде Аста­нада теледидар­дан үздік оқы­ған бір топ оқушыны көр­сетті. Әлдебір сынақта үз­дік шығып, іріктелген оқу­шылар. Әсерлі әңгімеге ел­тіп отырған жүргізуші сөз ара­­сында «Абай жолын» кім жаз­ды?» деп қалған. Әлгі­н­де ға­на бұлбұлдай сайрап отыр­ған үздік оқушылар аңта­рыл­ды да қалды.

Біраз қаламгерлердің аты-жөні кетті. Мұхтар Әуе­зов деп та­бандап тұрып алған бірі жоқ. Ана жағдайға сырттан қа­раудың өзі аянышты.

«Ау, біздің кезде.., біз­дің балалық шақта...» деп мақта­нып, көсіле жөнелейін десең, сон­ау бала ке­зіңдегі кі­таптың дәмін алып тамсанып оқып жүр­ген шағыңмен жас­­тас қызыл­ордалық он бір жа­сар қыз бү­гінге дейін елу ертек жазып тас­тапты. Ал­ты­най Берік­тің ал­ғашқы кі­та­бын қазақ рухани­яты­­ның үлкен жанашыры Қы­рым­бек Көшербаев баспадан шы­ға­рып берді. Қызылордалық жас өреннің шығар­машы­лық табысы Елбасына дей­ін же­­тіп, ақтілеу айтып «Еура­зия жүре­гін­де» атты кітабын сый­­лаған екен.

Алтынайдың алғашқы кіта­­бы­на оның 32 ертегісі, 13 өлеңі мен 10 шақты әңгімесі ен­ген. Ен­ді ол екінші кітабын шы­ға­ру­ға дайындығын жасап жатыр.

– Бүгінде балалар кітап оқы­­майды, ғалам­торға кір­генді ұна­тады деген пі­кірді мен де ес­ти­мін, – дейді жас жазу­шы. – Ондай әдетті дос­та­рым­нан да бай­қаймын. Кі­тап оқу – үлкен мәде­ни­­еттілік. Бұл адам­дарды әде­мі­­лік­ті сезінуге, жақ­сы адам бо­луға тәр­бие­лейді. Жақ­сы кітапты әлеуметтік же­лі еш­­қашан ауыстыра алмайды. Сон­дық­тан достарымды кі­тап оқуға шақырамын.

Он бір жасында екінші кі­­та­бын жарыққа шығаруға дай­­ын­дап жатқан оқушы өз қа­тар­лас­тарының түбінде кі­тапқа оралатынына сенеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар