Қазақстан • 02 Тамыз, 2018

14 пойыздың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді - Арман Сұлтанов

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы жүк пойызының апатынан тоқтаған 14 пойыздың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді, деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Арман Сұлтанов ҚТЖ бас ғимаратында өткен брифингте.

14 пойыздың қозғалыс кестесі қалпына келтірілді - Арман Сұлтанов

«Жамбыл облысында болған жүк пойызы апатынан 19 пойыздың қозғалыс кестесі өзгерген еді. Қазіргі уақытта жедел жұмыстардың арқасында 19 пойыздың бесеуі ғана кешіктіріліп жатыр», деді Арман Сұлтанов.

Оның айтуынша, ертеңге дейін қалған 5 пойыз белгіленген уақытында жүреді.

Айта кетейік, 31 шілде күні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан 19 пойыздың қозғалыс кестесі өзгерген болатын.