21 Желтоқсан, 2011

Бірлік пен тұтастық қымбат

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елордада «Ақ жол» де­мократиялық партиясы «Ұлы дала», «Ұлт тағды­ры» қозғалыстары, «Әді­лет» та­рихи-ағарту қоғам­дық бірлестігі, «Болашақ» жастар бірлестігі сияқты бір топ қо­ғамдық ұйым­дардың өкілде­рі­мен кездесу өткізді. Партия төрағасы А.Перуашев: «Барлығымыз да ел бірлігі мен мемлекет тұтас­ты­ғына, біздің туған халқы­мыз­дың әлеуметтік, рухани дамуына, игілігіне қызмет етуге тиіспіз. Бү­гін­гі сіздермен кездесу – «Ақ жол» пар­тиясы мен ұлт­тық-патриот­тық күштер ара­сындағы ын­тымақ­тас­тық­тың, қарым-қа­тынас­тың заңды жалғасы. Бұдан әрі сіздер мен біздер осы бағыттағы іс-шараларды бірлесіп іске асырамыз деп ойлаймын», деді. «Алаш Орда» қайрат­кер­лері өткен ғасырдың бас кезін­де-ақ ұлттың бірлігін, эконо­ми­калық даму мен ли­бе­рал­ды-демократиялық құн­ды­лық­тарды алғашқы орынға қойған болса, олар­дың ұлттық дәс­түр мен еу­ро­палық, әлемдік өр­ке­ниет­ті ұштастырып, білімді, мәдениетті, озық ел қалып­тастыру идеясы бүгінгі «Ақ жол» партиясының мақ­сат-мүддесімен үндесіп жа­тыр», деген партия серке­сі­нің сөзі­нен кешегі алаш аза­маттары рухының жал­ғасы сезілген. «Ұлы дала» қозғалы­сы­ның төрағасы Айдос Сарым, «Ұлт тағдыры» ұйымының төр­аға­сы Дос Көшім және «Әділет» тарихи-ағарту­шы­лық бірлес­ті­гінің төрағасы Бейбіт Қой­шы­баев қойылған сұрақтардың өзектілігін алға тартып, қазақ мемлекет­тілі­гінің тарихи та­мы­рын зерттеу мен насихаттаудан басқа, бүгінгі күні жалпы қазақ халқы мен қазақстандық қо­ғамның рухани бірігу, шеттету үрдістері мен әлеуметтік шыдамсыздықты жеңіп шы­ғу, біздің дәстүрлерге тән то­ле­рант­тылық пен ынтымақ­тас­тық­ты көкейкесті ету тап­сыр­малары маңызды екенін атап өтті. Жиын соңында Қазақ­стан мемлекеті мен қа­зақтың ұлттық құндылық­та­рын ұлық­тап жүрген ұйым өкілдері мен тұлғалар «Ақ жол» пар­тия­сына «Қазақ хал­­қының амана­тын» тап­сырды. «Ақ жол» партиясы бас­шы­лығының ұлттық-пат­риот­­тық бірлестіктермен өт­кізген кездесуінде «Ұлы дала» қоз­ғалысының төрағасы Айдос Сарым Жаңаөзен­дегі оқиғаға орай құрылған мемлекеттік ко­мис­сия­ның құрамына оның жұ­мысы­ның ашықтығын қам­­та­ма­сыз ету мақса­тын­да қоғам өкілдерін қосуды ұсынды. Осы ретте партия төр­аға­сы белгіленген тәртіп бой­ынша комиссияның жұ­мы­сы­на қатысу үшін өз өкіл­де­рін жіберуге дайын екендіктерін жеткізді. Пар­тия­ның мә­лімдемесінде: «Партия осы оқиғаға орай атқарушы ор­гандардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәре­жеде құқық­тық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргі­зі­луін талап етеді» делінген. Ақжол­дық­тар­дың пікірінше, ҚДП-ның беделді мүшелері қатарынан тәу­елсіз сарапшыларды тарту мемлекеттік комиссия жұ­мысының қоғам үшін шы­найылығы мен ашық­ты­ғын қамтамасыз етеді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.