21 Желтоқсан, 2011

Елбасымен – ертеңге!

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзіне үн қосады _______________________

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖОЛЫН БАСТАУШЫ

Мен Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың ұстанған сара сая­саты мен бағыт-бағдарла­ма­лары­ның қолдаушыларының бірімін. Қашанда халқының қа­мын ойлайтын Елбасы ел Тәу­елсіздігінің 20 жылдығына ар­налған салтанатты жиында елі­міздің осы кезеңде өткен жол­дарын әдемі әдіптеп берді. Осы кезеңде қол жеткен жетістіктерді боямасыз баяндаған Елба­сы­ның сөздерінде егемен елі­міз­дің өткен жолдары айқын аң­ғарылды. Мұны әр қазақстан­дық­тың сезініп отыр­ғаны шындық. Еліміздің бүгінгі экономикалық-әлеуметтік да­муының қарқыны достары­мыз­ды қуантып, дұшпанымызды қыз­ғантуда. Экономикалық да­мудың арқасында халқымыздың тұрмысы жақсарып, әлеуеті арт­ты. Тәуелсіз 20 жыл ішінде атқа­рылған шаруаларға халқы­мыздың риза екендігіне күмән жоқ. Кеңестік кезеңнің 70-жыл­да­рында бармаған алыс ауыл­дарға, елді мекендерге қазір су құбырлары тартылып, «көгілдір отын» барғанын көзіміз көріп отыр. Елбасы қашанда ауылдың дамуын ұдайы назарда ұстап келеді. Елбасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сал­та­натты жиынында сөйлеген сө­зін­де ел экономикасының даму бағыттарын нақтылап берді. Тәуелсіздік әкелген жеңістер тұғырлы болу үшін бүгінгі жас­тарымыз ерен еңбек етуі тиіс. Елбасы 15 желтоқсанда сөй­ле­ген сөзінде жастарға, соның ішінде, ғылыммен айналысатын өрендерімізге үлкен сенім арт­ты. Бұл сенімді ақтау олардың азаматтық парызы ғана емес, сонымен бірге патриоттық міндеті деп білуіміз керек. Ота­нын қорғау үш­ін қыршыны­нан қи­ыл­ған Кеңес Ода­ғы­ның Ба­ты­ры Әлия Мол­да­ғұ­лова­ның ерлік істерін насихаттаумен айналыса жү­ріп, елі­міз­дің егемендігі осындай қай­сар ұл-қыз­да­рымыздың арқа­сында мүмкін бол­ғанын айтқым келеді. Елба­сы баяндамасында еліміздің қол жеткен жетістіктерімен қатар ертеңгі даму ба­ғыттары да ай­қын сөз болды. Қашанда нақты іске ба­ғытталатын бағдарла­ма­лар­ды тілге тиек еткен Елба­сының сөз­дерінен еліміздің таяу жыл­дардағы даму бағыттары айқын аңғарылады. Біз Елба­сы­ның сөзі мен ісінің бірлігіне талай тәнті болдық. Халқына қыз­мет ететін ұлдың сөзі қашанда өтімді. Ғалымжан БАЙДЕРБЕС, «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк атындағы Ақтөбе  қалалық қайырымдылық қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Ақтөбе облысы.