Қазақстан • 07 Тамыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.