22 Желтоқсан, 2011

Жағдай оңала бастады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңаөзен қаласында, жалпы, Маң­­ғыстау облысында да жағдай қалыпты күйде және құқық қорғау орган­дары­ның бақылауында тұр. Желтоқсанның 20-нан 21-не қараған түні Жаңаөзен қа­ласында коменданттық сағатты бұзғаны үшін комендатурада 9 адамға заңды түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін олар үйлеріне жеткізілді. Үкі­мет­тік комиссия жаппай тәртіпсіздіктермен бай­ланысты туындаған проблемаларды шешу жөнін­де бірқатар ұсыныстар әзір­леді. Жаңа­өзен қаласындағы қо­ғамдық тәртіпті қал­пына келтіру және жағ­дай­ды тұрақ­тандыру үшін Үкімет қажетті ақшалай қаражат бөлуде. Қа­лалық комендатура қала аумақтарын тазалау, білім беру мекемелерінің, әлеу­меттік-мә­де­ни және басқа да қала тұр­ғын­дары­ның тыныс-тiр­шiлiгiн қам­та­ма­сыз ету нысан­дарының жұмыстарын қайта іске қосу жөніндегі қажетті шаралар қабыл­дауда. 2011 жыл­дың 21 жел­тоқсанында «Өзенмұнайгаз» және «Қа­ражанбас­мұ­най» компания­лары­ның жұ­мысшылары түгелдей жұ­мысқа шық­ты. Жедел тергеу тобы жаппай тәртіп­сіз­діктердің ұйым­дас­тыру­шы­лары мен неғұрлым белсенді қатысу­шы­ларын заң­мен белгіленген жауапкершілікке тарту жөнін­дегі жұмыстарды жал­ғас­тыруда, деп хабарлады Бас прокура­тураның баспа­сөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51