Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

573 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тамыз айының алғашқы күндерінде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республика облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары білім басқармаларының басшыларымен өткізілген семинар алдағы тамыз кеңесінде қаралатын мәселелерге тың серпін беретіні сөзсіз. 

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

Семинардың негізгі тақы­ры­бы «Әлемдік өзгерістер жағ­дайында білім беру ұйымдарын басқару» деп аталғанымен, кө­те­рілген және талқыланған мә­селелердің аясы ауқымды. Өйт­кені жоғары оқу орындарында сапалы мұғалім кадрларын даяр­лау, бұл мамандыққа оқуға түсетін жастарды ике­міне қарай іріктеу, оларға терең білім беру, мұғалім мәр­тебесін көтеру, білім беру маз­мұнын жаңарту, орта білім беруді дамыту, адамның дамуына және әлеуметтенуіне  қолайлы адамгершілік және қауіпсіз ортаны құру, елімізде білім беру жүйесінің кәсіптік бағдарлануын қайта жүктеу, білім беру ұйымдарында кә­мелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауы (суицид) мінез-құлқының алдын алу, білімді критериалдық бағалау, мониторниг жүйесінде сапаны бақылау құралдарын (TQM) пайдалану, мектепте білім беру сапасын қамтамасыз етуде аудандық әдістемелік кабинеттердің рөлін арттыру сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Семинардың бас модераторы, университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Такир Балық­баев оқу орнының алдағы қазан айында өткізілетін 90 жыл­дық мерейтойы және оны өткі­зуге дайындық барысы туралы хабарлай келіп, жоғары оқу орындарында мұғалім кадрларын даярлаудың негізгі өзекті мәселелеріне тоқталды. 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқар­ма төрайымы Күләш Шәм­ши­динова білім беру маз­мұнын жаңартудың өзекті мә­селелеріне, бұл салада өзі бас­қарып отырған ұйымның атқарып отырған жұмыстарына тоқталды. «Өрлеу» мұғалім­дердің біліктілігін жетілдіру ұлттық орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Иса Самсаев мектепте білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бай­ланыс­ты мұғалімдер даяр­лау­дың маңызы туралы, Алматы менеджмент университетінің президенті Асылбек Қожах­метов орта білім беруді дамы­тудың жолдары, П «Arsana» респуб­ликалық қоғамдық бірлес­тігінің төрайымы Рыс­ты Жұмабаева адамның дамуына қауіпсіз орта құру, EDTECH халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев кәсіптік бағдар беру мәселелері, Абай атындағы ҚазҰПУ білік­тілікті арттыру орталығы ди­рек­торының орынбасары Алек­сандр Семченко ғаламдық өз­гермелі кезеңдегі білім беру мәселелері туралы өте мазмұнды баяндамалар жасады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Күлзада Құдайбергенованың «Кри­териалды бағалау» туралы, «Өр­леу» ұлттық орталығы ди­рек­торының орынбасары­ Әсел Таңатованың білім беру ұйымдарында кәмелетке тол­маған­дардың өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу тақырыбындағы баяндамалары көпшіліктің көңілінен шықты.

Талқыланған мәселелер бойынша жоғары оқу орын­­д­арының оқыту бағдарлама­ларына  «Назарбаев зияткерлік мектептері» қолданып отырған технологияларды батыл ен­гізу, білім беру бойынша ғы­лы­ми-практикалық  бағдар­ланған зерттеулер жүргізу, педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту және оны студенттердің тұрғылықты жері бойынша  екінші курс­тан­ бастап өткізу, 9 сынып оқушылары арасында кә­сіптік бағдар беруді ұйым­дас­­тыруға EDTECH ха­лық­аралық білім беру орта­лығының  мамандарын тарту, еліміздің аймақтарында мұғалімдердің педагогикалық тәжірибе алмасу алаңдарын құру, ЖОО профессор-оқы­тушыларының базалық бі­лім беру ұйымдарындағы жұмы­сын күшейту сияқты өзекті ұсы­ныстар қабылданды. 

Жоғары оқу орнына мұ­ға­лімдік мамандықты жан-тәні­мен сүйетін, оны өмірлік мақ­сатына айналдырған  шынайы талапкерлердің мақ­сат­ты топтарын іріктеп қа­был­дау аймақтарды жоға­ры мамандандырылған пе­да­гогикалық кадрлармен қам­тамасыз ету мақсатында «Білім беру альянсы» консорциумы құрылды. Осыған байланысты «EDTECH. Kz» халықаралық білім беру орталығы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университеті және облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының Білім басқармалары арасында  мемо­рандумға қол қойылды.

Семинарға қатысқан өңір­лік білім басқармаларының бас­шылары бұл жиынның таяу­дағы тамыз кеңесі қарсаңында ойға-ой қосып, алдағы істеріне тың серпін беретінін айтты.

Бұл жиынның Абай­ атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­гикалық университе­тінің Қап­шағай теңізі жағасындағы «Ұстаз» демалыс аймағында өткі­зілуі тамыздың ми қайнат­қан аптап ыстығында оған қатысушылар мен қонақтардың әрі демалып, әрі сергек жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Мырзахан АХМЕТОВ,

Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық

университеті  қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00