Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

БҚО: Шалқар көлінде 4 адамды құтқарылды

931 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының №5 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Уахитов Темірболат пен Никифоров Олег Шалқар көлінде патрульдеу кезінде 4 адамды қатерден құтқарып қалды. 

БҚО: Шалқар көлінде 4 адамды құтқарылды

Шалқар көліне келгендердің ішіндегі 3 адам үрлемелі матрасқа мініп, 2 шақырымға дейін, ал сонымен бірге тағы бір адам да алыс қашықтыққа жүзіп кеткен. Осы жайтты көрген құтқарушылар дер кезінде көмектерін көрсетіп, оларды жағаға алып шықты.

Матрасқа жатып, алысқа жүзіп кеткен достарына көмектесемін деп арттарынан жүзіп барған азамат та оларға жетпей шаршап қалған. Оның үстіне жел де кедергі келтіріп, суға түсушілерді матраспен бірге ықтырып әкеткен. Осы аралықта үрлемелі матрастың желі де аздап шыққан екен. Құтқарушылар оларды құтқару катеріне отырғызып, жағаға шығарғаннан кейін судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.