Президент • 15 Тамыз, 2018

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

25 реткөрсетілді

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.  

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Цифрлы фермалар көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар