Ұлттық спорт • 18 Тамыз, 2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

343 реткөрсетілді

Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары бойынша бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде қазақ күресі, асық ату бойынша жарыстар өтуде.

Іріктеу сайысы бойынша бүгін 19.00-де «Қазанат» атшабарында көкпар ұйымдастырылса, ертең 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде тоғызқұмалақ, сағат 18.00-де «Қазанат» атшабарында көкпардан финал өтеді.

Ұлттық спорт түрлерінен Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі өтуде.

Еліміздің барлық өңірін қамтып жатқан фестивальдің идея авторы – ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі.

Екі айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. I кезең аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді. Сондай-ақ, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрлерінің іріктеу бәсекелерін аймақтық  өңірлерде, ал аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлерінің іріктеу бәсекелері Астана қаласында өтеді. Аймақтардағы іріктеу жарыстары 31 тамызда мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққан командалар фестивальдің  II кезеңі финалда өнер көрсетеді.

Алғашқы үш аймақ іріктеу жарыстары өз мәресіне жетті. Аймақ бойынша іріктеу жарыстарының жеңімпаз командалары анықталды. Фестивальдің іріктеу жарыстарын солтүстік аймақ қорытындылайды Солтүстік аймақ іріктеу жарыстарын Астана қаласы қабылдайды. 17-19 тамыз аралығында, көкпар «Қазанат» атшабарында өткізіледі. 29-31 тамыз аралығы «Қазанат» атшабарында теңге ілу, асық ату, жамбы атудан байрақты бәсекелер өтеді.  Солтүстік аймақ іріктеу жарыстарына: Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан  160 спортшы қатысады деп күтілуде.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әлем қартая бастады

Әлем • Бүгін, 15:36

Енді ет бағытындағы құс өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 15:32

Бокс: Ерәлиев ұтылып қалды

Спорт • Бүгін, 15:21

Апта фотосы (14.04 – 21.04)

Әлем • Бүгін, 12:31

Ұқсас жаңалықтар