23 Желтоқсан, 2011

Әрбір туған бала үшін миллион теңге

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан социал-демокра­тия­лық «Ауыл» партиясының өкіл­де­рі қазіргі күні еліміздің әр түк­пі­рінде өздерінің сайлауалды жұ­мыс­тарына байланысты үгіт-на­си­хат жұмыстарын барған сайын өрістете түсуде. Олар еңбек ұж­ым­дарымен, қала және ауыл тұр­ғындарымен кездесіп, осы кездесу барысында өздерінің сай­лау­алды тұғырнамасында көтерілген мәсе­лелерді халыққа жеткізіп және ол туралы түсініктеме беруде. Осындай жиналыстардың бірі кеше Қостанай қаласындағы облыстық кәсіподақтар кеңесінің ғимаратында болып өтті. Мұнда партия мүшелері қала жұртшы­лығымен және кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Кездесуде Қос­танай қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат және партияның осындағы бөлім­ше­сі­нің жетекшісі Сәбит Есмұратов об­лыстық партия ұйымының осы­ған дейінгі жұмыс қорытын­ды­ла­ры мен алдағы міндеттері туралы әңгіме қозғаса, «Ауыл» партия­сы­ның атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде тір­келген Нина Сангина партия­ның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. «Ауыл» партиясының мақса­ты, кандидаттың айтуынша, адам­дарға жақын және түсінікті. Ол – елдің барлық азаматтарының жо­ға­ры тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, олардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын шынайы түрде қам­тамасыз ету. «Ауыл» партиясы осындай же­тістіктерге қол жеткізу үшін бір­қатар нақты шараларды белгілеген. Соның ішінде олар елімізде жаңа туған әр бала үшін ата-анасына 1 миллион теңге көмек­пұл төлеп, отбасының тұрғын үй салуына ұзақ мерзімді және сый­ақы пайызынсыз несие алуы үшін күресетін болады. Сондай-ақ тө­мен­гі жалақыны 50-75 мың тең­ге­ге, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын 150 мың теңгеге дейін көтеру жөнінде ұсыныс жасамақ. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.