Қазақстан • 20 Тамыз, 2018

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Kazakh Tourism ҰК» акционерлік қоғамы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастыруды көздеп отыр.  

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

Осыған орай Алма­тыда­ғы «Достық» үйінде баспа­сөз мәслихаты ұйымдас­тырылды. Бұл шараға Алма­ты қаласындағы «Visit Al­maty» туристік ақпараттық ор­та­­лығының директоры Кәмиля Лұқпанова, аль­пи­низм­нен Қазақстан құра­ма командасының мүшесі, туристік көпсайыстан ха­лық­аралық жарыстардың жүлдегері Елдар Ғаб­басов,  альпинизм бо­йынша­ білікті бапкер Ар­тем Ско­­пин,  спорттық туризм ­қауымдастығының прези­денті Арман Хасенов және Қарағанды облыстық құзға шығу федерациясының төр­а­ғасы Айдос Жомартов қатысты.

Экспедицияға құрамында кәсіби альпинистер мен тәжірибелі саяхатшылар, танымал журналистер мен блогерлер бар 100-ден аса адам қатысады. Олар Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары аумағындағы таулы аймақтармен жүріп өт­пек. Ондағы мақсат – Қа­зақстанның таулы өңір­лерінде белсенді туризмді дамытуға қолайлы жағ­дайдың бар екеніне өз отан­дастарымыздың және күл­лі әлем жұртшылығының көзін жеткізу.

– Экспедиция жоспа­рын жасау барысында «Қа­зақ­­туризммен» ақылдаса оты­рып, еліміздің үш өңі­рінде орналасқан 20 шың­ға таңдауымыз түсті. Ол жер­­лерде экстремалды жә­не экотуризмді дамы­туға мүмкіндік мол. Біз осы ба­ғыт­тардың бар­лығын те­рең зерттеп, олар­дың ин­­фра­­­құрылымын дамы­тудың жол­дарын ұсынамыз. Осы жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін Қазақстан Рес­публикасы Альпинизм және құзға шығу федерациясы, Спорттық туризм федерациясы және жергілікті аумақтық қауымдастықтар құрамындағы кәсіби альпинистер мен мамандарды осы іске жұмылдырдық. Со­нымен қатар, Астананың мерейтойына орай өзіндік сый дайындап отырған жайымыз бар: Түркістан облысындағы Сайран-Өгем Ұлттық саяба­ғындағы шыңды «Астананың 20 жылдық шыңы» деп атауды жоспарлап отырмыз, – дейді Арман Хасенов. 

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ