Президент • 20 Тамыз, 2018

Елбасы Кофи Аннанның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

44 реткөрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке осы ұйымның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Кофи Аннан халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер ретінде бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады.

Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын»,  делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан К.Аннанның туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына көңіл айтты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар