Аймақтар • 20 Тамыз, 2018

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылық спортшы Сергей Левадний ерікті ретінде  «7 күн ішінде 7 триатлон» дистанциясын орындап, қала тұрғындарының көмегімен ерекше қамқорлыққа зәру балаларды мектепке дайындау мақсатында қайырымдылық шарасын бастады.

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

Бастамасында халықаралық тәжірибені басшылыққа алған спортшы ұзақ қашықтықтарды бағындыруды өзінің басты ұстанымы санайды. «7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын жасауға уәде беремін (жүзу – 1,9, веложарыс – 90, жүгіру – 21,1 шақырым). Бұл спорттық бағдарламаны орындауға жарты күнімді арнаймын. Ал біздер балаларды мектепке жұмыла бірге дайындаймыз деген сенімдемін» деген ойымен бөліскен С.Левадний мүгедек балалардың жақсы оқуы үшін мектепте де, үйде де жағдай жасалуы керектігін айтады.

Спортшы өзінің қайырымдылық бастамасымен мүмкіндіктері шектеулі балалардың жағдайына қалың көпшіліктің назарын аударуды мақсат етеді.

– 7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын орындау – аса күрделі меже. Бұған кез келген спортшы бара бермейді. Бірақ мен Сергейді жігерлі, рухы мықты триатлет ретінде жақсы білемін. Физикалық дайындығы өте жақсы, сондықтан да, оның қолынан бұл іс келеді деп сенемін!, – деген пікірде белгілі қазақстандық Ironman, триатлоншы әрі бапкер Максим Мазур.  

 «Спешиал Олимпикс» ҚБ филиалының директоры Галина Ильинаның айтуынша, Сергейдің бастамасына қолдау білдіре отырып, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалған. Бүгінде мүгедектік жәрдемақыны көптеген ата-ана науқас баласының күтімі мен басқа да аса қажетті бұйымдарына жеткізе алмайтыны анық. Сондықтан да тізім жасалып, балаларға қандай мектеп бұйымдары қажеттігі анықталған. 29 тамызда қайырымдылық мақсатта жиналған қажетті бұйымдар балаларға үлестірілетін болады. Сергей Левадний өткен жылы 48 балаға осындай көмек жасаған.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Komanda SOS еріктілерді үйлестіру орталығы Сергейді спорттық киімдермен қамтып, ұйымдастыруға қолдау көрсетсе, Алматы Триатлон федерациясы (АТФ) акцияға техникалық жағынан қолдау көрсетіп, төрешілік бақылау жүргізеді.

Ұйымдастырушылар балалар өміріне бей-жай қарамайтын қаланың кез келген тұрғыны немесе қонағы мектепке дайындау шарасына белсене атсалысады деген сенімде. Алматы қаласында төмендегі телефон арқылы Komanda SOS қызметкерлерімен байланысуға болады: +7 727 346 92 88.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ