Аймақтар • 21 Тамыз, 2018

Егемен ашқан есімдер: Егіз өрім

110 реткөрсетілді

Біржан сал ауданының орта­лығы Степняк қаласында тұра­тын Алтыншаш пен Алтынжан Таупықовалардың Қызылжар еліне өнер жолын қуып келуі кездейсоқ сияқты көрінгенімен, бойларындағы табиғи таланты осы таңдау жолына саналы түрде қанат қақтырған тәрізді. 

Мектепте сурет пәнінен сабақ беретін ағайлары Петропавл қаласында дарынды балаларды музыкалық-эстетикалық бағытта тәрбиелейтін өнер колледжі кеше­ні жұмыс істейтінін, сапалы білім беретінін, екі қызы осында оқитынын айтып, баруларын қиыла өтінген. Бұл ұсыныс аналары Салтанатқа ой салғанымен, бірден шешім қабылдауға жүрек­сін­ген. Төрт жасында асқар тау па­налары қайтыс болған қос құ­лы­нының көз алдында жүруін іштей қалаған. Десе де әке ақы­лына жүгінуді жөн көрген.

Ермек ақсақалдың негізгі мамандығы суретшілік-тұғын. Қырық жылдан астам шәкірт тәрбиелеген оның тәжірибесі де, өмірден тоқығаны да мол. Кеңінен толғап, кесімді шешім айтарда тамағын бір қырнап алатын әдетімен өз ойын былай сабақтаған: «Атың барда жер таны желіп жүріп» деген екен бабаларымыз. Томағасын сыпырып, құсқа салар жас қыран да бап тілейді. Бармақтай бақтан гөрі таудай талапты арқалап, ең­бек­тің ащы дәмін татқан жанға же­місі тәтті келеді». Осылайша жиен­деріне ақ жол тілеп, аталық батасын берген. 

Алаулаған арман отын тұтат­­қан қос өрім 2013 жылы атал­мыш кешен құрамындағы музыкалық мектептің жетінші сыныбына қабылданады. Бүгінде өнер колледжінің екі курсын тәмамдап, қияға қиялай салған өрнекті іздері шын таланттың тасты да жарып шығатынын айғақтайды.

– Өнер өрінде өр мінезділік танытуды жүрекпен сезінуге анамыздың үлкен ықпалы болды. Жастайымыздан би үйірмесіне қатыстық. Кейін ән айтуға, музы­калық аспаптарда ойнауға машық­тандық. Бұл қасиеттер сегіз қырлы, бір сырлы нағашы ата­мыз­дан жұққан секілді,–дейді өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай келе жатқан егіз қыздар.

Алтынжан жуырда Құрман­ғазы атындағы ұлттық консерватория ұйымдастырған кіші олимпиадаға прима-қобыз аталымы бойынша қатысып, екінші орынды иеленді. Бұған республикалық «Жас талант», «Ақ сұңқар», «Көшпенділер әуені», халықаралық «Сібір жұлдыздарды жағады» атты байқауларда лауреат, дипломант атанғанын қоссақ, алған асулары қомақты екені бірден аңғарылады. Облыстық филармония жанындағы «Әлқисса» ансамблінде өнер көрсетеді. Алтыншаштың да жеткен жетіс­тіктері аз емес. Соның бір мысалына Ресейдің Қорған қала­сында өткен халықаралық додада Гран-при жеңіп алға­нын айтсақ та жеткілікті. Симфо­ниялық оркестрдің белді мүшесі.

Фортепьяно, прима-қобыз, кларнет, жетіген секілді музы­калық аспаптарды жетік меңгер­ген егіз қыздар үкілеп қосқан талай өнер жарыстарында топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

ПЕТРОПАВЛ
 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар