Баландин мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші - 1.00.07. Бірінші орында біздің спортшыдан сәл ғана озып кеткен қытайлық спортшы тұр.
Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Дәл осы қашықтықта Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Ал осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандщық спортшы Әлібек Қамзенов 14-ші нәтиже көрсетіп, финалға өткен жоқ.