Аймақтар • 22 Тамыз, 2018

Аягөзде Неке сарайы ашылды

762 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөзде «Туған жер» бағдарламасы аясында Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Неке қию сарайы ашылды. Аягөз тұрғындары енді неке қию рәсімін сәулеті мен дәулеті келіскен жаңа ғимаратта өткізетін болады.

Аягөзде Неке сарайы ашылды

Жерлестеріне мұндай сыйлықты жасаған - кәсіпкер Сәуленбек Балтыкенұлы. «Неке қию орынының жеке ғимарат ретінде бой көтергені қуантады. Себебі, мешіт ішінде қордаланып қалған біраз мәселенің шешілуіне түрткі болды», - дейді Аягөз аудандық орталық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы.

Айта кетейік, бұған дейін жастардың некесі мешіттің астыңғы қабатында қиылып келген еді. Бұл жер тар әрі әйелдердің намаз оқитын бөлмесі болған екен. Енді неке залы, имамдар бөлмесі мен құран оқитын бөлме жаңа ғимаратта орналасатын болады. Ал мешітте бұрындары 1000 адам намаз оқи алатын болса, жаңа ғимараттың салынуымен оның саны енді 1800 адамға жетіп отыр.

Екі жүз шаршы метрді құрайтын жаңа Неке сарайының жалпы құны 15 млн теңгені құрайды.


Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы