Медицина • 24 Тамыз, 2018

Өңір өнерін өрнектеген

204 реткөрсетілді

Әр заманда өнер адамдарын халық ерекше құрмет­тегені белгілі. Әу деп ән сал­ған адамның арқасынан қа­ғып, шабытына шабыт қо­сып, жігерлендіріп оты­ру қазақ халқының қаны­на сің­ген қасиет. Ауыл өнерпаз­дары­ның арасынан тума талант иесін танып, сахнаға шы­ға­рып, көпшіліктің талқы­сына салып шыңдай білу – әр­кім­нің қолынан келе бер­мейді. Бұл үшін үлкен жүрек керек. Сондай үлкен жүрек иесінің бірі Қабдолда Тұраров еді. 

Ол өмірдің ыстық-суығы­нан жастайынан өтті. Алды­на қойған мақсатын аяғына де­йін жеткізетін адам болатын. Көп жыл Күршім аудандық мәде­ниет саласын басқарды. Облыстық ақындар мектебін ашты. Қамқорлық жаса­ды. Осы жылдар ішінде  Күр­шім ауданына қарасты Ақсуат ауылында «Айдын» ат­ты ән-би ансамблінің құрылуы­на ықпал етті. Аудан­дағы үш ұжымға «халық театры» атағын әпер­ді. Аудан­дық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Жәді­герлерді өзі жинай оты­рып, мұражай жұмы­сы­ның алға басуына ұшан-теңіз еңбек сіңірді.

Қ.Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болды. Өңірдегі өнер саласындағы ең­­бегі ерекше. Айтыстың тұ­ра­­лап жатқан шағында об­лыс­та ақындар мектебін ұйым­­дастырып, өзі басқарды. Өзі тәрбиелеген әуесқой айтыс ақын­дарының саны елуден асады. Олар облыстық, респуб­ликалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды. Қ.Тұраров кеудесінен ән қалқып, күй шалқыған жан болатын. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына жиырмадан астам әндері қабылданды. Өлеңдерінде туған жерін, елін тебірене жырлады.

1959 жылы «Алтай әуен­дері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазу­­шы» баспасынан шық­қан «Жайқоңыр» өлеңдер жи­на­­ғын­дағы «Нұр Зайсан», «Жер жәннаты – Күршім», «Түле­гімін Күршімнің», «Тол­­ғаныс тарамдары» сияқ­ты жырлары Күршімнің кө­рік­ті жерлерін, Зайсан­дай атақты көлін әнге қосып, ту­ған жерге деген кең пейілін, ыс­тық ықыласын көрсетеді. Оның әнін шырқап, жырын жырлап, күйін күмбірлете тартып, өлеңін өлкеге  танытып жүрген әншілер мен домбырашылар да көп.

Композиторлар одағының мақұл­дауы­мен «Өнер» бас­пасынан 1987 жылы шық­қан «Жастық шақ әуен­дері» атты әндер жинағына Қабдолда Тұраровтың көп әні енген. Қазақ КСР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен рес­пуб­ли­каның Композиторлар одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақыт­жан Байқадамов пен Құдыс Қожамияров жақсы пікір айт­қан болатын. 

Ол аудан тарихы туралы жиі жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына туған жері, тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республи­калық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» және облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды. «Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығар­маларының авторы. Жарияланбаған еңбек­тері қаншама? Осы орайда, белгілі күршімдік ақын Хасен Закария:

– Қабаңның шәкірт­тері баршылық. Қазақ елі­не белгілі айтыскер ақын Абаш Кәкенов, композитор Оралхан Көшеров, Талғат Карменов, өзінің үлкен ұлы Ерсовет Қабдоллаұлы сынды тізімді республикаға танымал жастармен толықтыра беруге болады. Кезінде өзі басқарған аудандық мәде­ниет басқармасы, соған қа­расты кітапхана бірлестігі 10 жыл қатарынан облыс­та бірінші орынды иеленді. Ертіс бойындағы аудандар­ды аралап, «Ел іші – өнер кеніші» деген ұстаныммен қан­­шама талантты өнерпазды ел алдына шығарды. Ағамыз астана Ақмолаға көшкен жылы қуанып, «Астанаға арнаудың» әні мен сөзін жазып, әріптес­терінің талқы­сына салып, «Біз әлі-ақ іргелі әлем таныған ел боламыз» дегенде біреу сеніп, біреу сенбеген уақыт еді. 

Расында, Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған өнер жанашыры Қабдолда Тұраров ағамыздың есімін Мәдениет үйіне берсе, нұр үстіне нұр болар еді...

Гүлмира КЕҢЕСБАЕВА

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар