Білім • 24 Тамыз, 2018

Іскер ағаларға ізет білдіреміз

72 реткөрсетілді

Жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы дәстүрге айналғалы көп болды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.

Білім және ғылым ми­нистр­лігінің бастамасымен биыл он бірінші мәрте ұйымдас­тырылған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде. Батыс Қазақстан облысы­ның Ақсуат ауылындағы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінде жергілікті компания – Ақсуат ауылдық округі­не қарасты Магистральды ауылындағы «ОRALMUNAI» биыл да қомақты көмек көрсетті. Серіктестіктің бас директоры Ғалымжан Ерғалиев мектебіміздегі аз қамтылған 16 оқушыға жалпы құны 175500 теңге болатын «Mimioriki» отандық тігін фабрикасының мектеп формасын табыстады.

– Әрине ауылдағы аз қам­тылған отбасылар үшін бұл үлкен көмек. «Сауаптың ең үлкені – білім жолындағы шәкіртке көмектесу» деген. «Oralmunai» компаниясының басшылығына акцияға қатысып, демеушілік көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Ақсуат ауылдық округінің әкімі М.Энгелов.

Балалары соңғы үлгіде тігілген су жаңа мектеп формасын иеленген ата-аналар да демеушілерге алғыс жаудырып жатыр. Шә­кірт­теріміздің жүзіндегі шынайы шаттықты көріп, осындай қуанышқа бөлеген кәсіпкер Ға­лым­жан Ерғалиевке, ауыл басшысы Максим Энгеловке, басқа да жанашырларға мектеп ұжымы атынан ризашылық білдіреміз.

Гүлдана МАЛАЕВА,

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар