23 Желтоқсан, 2011

Жеті жүз адамға – азаматтық

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның мәжілісі мен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Мәжілісте Қазақстанның аза­мат­тығын қабылдағысы келген шетелдік азаматтардың өтініштері қа­ралды. Кездесуде Қ.Саудабаев Қа­зақ­станның азаматы болуға әртүрлі елдерден сан алуан адамдардың келуі Тәуелсіздіктің 20 жылында Тұң­ғыш Президенттің басшылы­ғы­мен еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­калық және қоғамдық-саяси жетістіктерге жеткеніміздің тағы бір ай­қын дәлелі екенін атап өтті. «Сон­дықтан біз өзіміздің қатарымызға тәуелсіз Қазақстанның жаңа аза­маттарын қарсы алуға қуаныш­ты­мыз және жаңадан тапқан Ота­нын­да оларға денсаулық, амандық және жемісті табыс тілейміз», – деді ол. Осы ретте Мемлекеттік хат­шы жауапты мемлекеттік орган­дар­дың ендігі міндеті Қазақстан аза­мат­тығын алған адамдардың қо­ғам­ға тезірек бейімделуін қамта­ма­сыз ету мәселелерін жылдам және жауапкершілікпен шешу екендігін ескертті. Мәжілісте Қ.Саудабаев Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін ТМД елдері мен алыс шет елдерден келген 700-ден астам адам Қазақстан Республикасының аза­маттары болатынын мәлімдеді. Екінші отырыста комиссия төр­ағасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қазақ хал­қы­ның еркіндік пен тәуелсіздік ту­ралы ғасырлар бойы аңсаған арманын жеткізетіндігін атап өтті. – Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Ән­ұран – кез келген егемен елдің міндетті атрибуттары болып табы­ла­ды. Сондықтан да қазақстандық жас ұрпақты тәрбиелеу мен пат­риоттық сезімді қалыптастыруда еліміздің Мемлекеттік рәміздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, Мемлекеттік рә­міз­дер – біздің еліміздің, тәуелсіз­ді­гіміздің ажырамас бір бөлігі. Олар тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін бейнелейді. Сол үшін де оларға көзқарасымыз, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі жұмыстарының тиімділігі қазақ­стандықтардың жалпы патриоттық деңгейін анықтайды, – деді Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар министрлерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Со­ңын­да «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциялық заңының бұлжытпай сақталуы жөнінде ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді. Дастан КЕНЖАЛИН.