Білім • 24 Тамыз, 2018

Астанада биыл 5 мектеп латын әліпбиіне көшеді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режимде латын әліпбиіне көшіріледі. 

Астанада биыл 5 мектеп латын әліпбиіне көшеді

Білім беру саласындағы жаңалықтар туралы Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылында ата-аналардан түскен идеяны қолдай отырып, Астанада жаңашыл сыныптарды ашу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру. Іс жүзінде бірінші сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайызын орыс тілінде, ал 30 пайызын қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толығымен мемлекеттік тілге көшірілетін болады», деді Ануар Жанғозин.

Мұндай жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейінде ашылады. Сондай-ақ, қыздарға арналған «Білім инновация» лицейіне де жаңа жүйе енгізілетін болады.    

«Жалпы, Астана қаласы бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық реижимде латын әліпбиіне көшіріледі», деді ол.