Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Ақтөбе облысында «Жас сақшы» жасағы құрылды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы құқық қорғау органдары мен ерікті жастар патрульдері өкілдерінің қатысуымен болған Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов хабарлады.

Ақтөбе облысында «Жас сақшы» жасағы құрылды

«Жасақ қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында құрылды. Ерікті жастар патрулінің мүшелері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құқықтық тәртіпті қорғауға, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысып, бірқатар рейдтер өткізді», - деді Нұрлан Күнтуов.

Оның айтуынша «Жас сақшы» жасағының құрамына облыстағы төрт жоғары оқу орнының студенттері кіреді. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен бірлесіп, олар студенттік жатақханалардағы ахуалды қадағалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024