Әлем • 24 Тамыз, 2018

Берлин көк түтінге оранды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 тамыз күні Тройенбрицен қала маңынан шыққан өрт өрши түсті. Ауа-райының желді болуы салдарынан жалын 50 км қашықтықта орналасқан Берлин қаласына дейін жетті, деп хабарлайды euronews.com.

Берлин көк түтінге оранды

Қазір орманның 300 га аумағы өртке оранған. Өрт сөндіру қызметкерлері кейбір аудандарға жете алмай жатыр.

«Дәл қазір өміріне қауіп төнсе де, аянбай еңбек етіп жатқан өрт сөндірушілерді ерекше құрметтеймін», дейді өңір саясаткері.

Қазір Тройенбрицен қаласының автожолдары уақытша жабылды. Өрт сөндірушілер қызметі қала тұрғындарына әзірге сыртқа шықпауын ескертті.