25 Тамыз, 2018

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы ауысты

1 мин
оқу үшін

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ-ның төрағасы Елена Бахмутова өзге қызметке ауысуына байланысты басшылықтан кетті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының басшысы ауысты

«Қордың халыққа медициналық қызмет көрсетудегі стратегиялық сатып алушы болып қалыптасу кезеңі сәтті аяқталды. Халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемін және сапасын бақылау, МӘМС үшін түсімдерді жинау мен басқару процесі жасалды, қор қызметін реттейтін құжаттардың негізгі базасы құрылды. Қорда кәсіби топ құрылды, ол МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызмет көрсету процесін бастағанша барлық рәсімдерді жақсарту жұмыстарын жалғастырады», - деп өз жұмысын түйіндеді Елена Бахмутова.

Елена Бахмутова Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен осы ұйым кеңесінің төрағасы болып сайланды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жаңа кеңесін қауымдастықтың жоғары уәкілетті органы 2018 жылдың 24 тамызында өткен жиналыста қабылдады.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қор басшысының міндетін атқарушы болып Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ботагоз Жақсылықова тағайындалды. Бұйрық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және 2018 жылдың 24 тамызында қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20