Әлем • 25 Тамыз, 2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде терроризмге қарсы күресу ұсыныстарын ұсынды

41 реткөрсетілді

Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан төндіретін террористік қауіп-қатерлер ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты. Бұл туралы БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында өз сөз сөйлеуінде атап өтті.

В. Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ДАИШ террористік ұйымынан халықаралық бейбітшілікке және қауіпсіздікке қауіп-қатерлері және БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерге осы қауіп-қатерлеріне қарсы әрекеттерге көрсетіп жатқан қолдаулары туралы 7-ші баяндамасын ұсынды.

Отырыс барысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров терроризмге қарсы күрес үшін халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгей күш-жігерлерді біріктіру шақырып, басым мақсаты ретінде жастар арасында терроризмді және экстремизмді таратуды алдын алуды атады. 

Қ.Омаров сондай-ақ Қазақстанның бірқатар нақты ұсыныстарын атап өтті. Олардың ішінде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен аталған қауіп-қатермен күресу үшін БҰҰ-на мүше-мемлекеттердің көпжақты саяси міндеттемесі ретіндегі «Терроризмнен еркін бейбіт әлемге қол жету үшін әрекет кодексін» қабылдау. 

Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымы, табиғи ресурстар мен мәдени артефактілерді заңсыз сату, сондай-ақ терроризмді қаржыландырудың негізгі көздері болып табылатын жаңа технологиялар мен төлем әдістерін қатаң бақылау мен жолын кесуге ерекше назар аударылды.

Аймақтық және халықаралық дерек қорлар арасында террористерге қатысты биометриялық ақпараттармен алмасуды күшейту қажеттілігі айтылды. Бұл өз жағынан деструктивті топтар мен жеке тұлғалар туралы уақтылы ақпарат алуға, сондай-ақ интернет желісіндегі террористік идеяларды таратуын алдын-алудың маңыздылығы баса атап өтілді.

Қазақстанның тұрақты өкілі сондай-ақ террористік қауіп-қатер деңгейі жоғары елдерінде тұрақты экономикалық дамуын және террористік әрекетіне қатыстыруға балама ретінде ең алдымен жастарды жұмыс орындармен қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Ханттың төрағалымен өткен Қауіпсіздік Кеңестің отырысында БҰҰ Терроризмге қарсы Атқарушы директораттың директоры Мишель Конникс, Радикализацияны зерттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың жетекші сарапшысы Джоана Кук, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңестің басқа мүшелері сөз сөйледі.

Отырыс алдында Қауіпсіздік Кеңес мүшелері және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2018 жылғы 18 тамызда көз жұмған БҰҰ-ның бұрынғы басшысы Кофи Аннанды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар