Кинофестиваль ұйымдастырушылары: «жер түбінде шыққан үлкен кино әлемінің жаңғырығы» және «Батыстың қойған сауалына Шығыстың қайтарған жауабы» деп бағамдайды өздерін. «Түн құдайынан» бөлек «Жер қиырының» негізгі байқауында режиссер Ержановтың басқа да фильмі – «Әлемнің мейірімді енжарлығы» (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жобасы емес) қатысып отыр.
«Негізгі байқауға олар дәстүрлі кинотілде түсірілген фильмдерді қабылдайды, «Әлемнің мейірімді енжарлығы» осы форматқа сәйкес келеді. Ал «Түн құдайы» - сюжет логикасын елемей, образ тазалығын көрсетуге тырысқан эксперименталды бағыттағы фильмім. Қатарынан екі фильмім фестивальге қатысып отырғаны қуантады, өйткені олар формасы мен мазмұны жағынан бір-біріне қайшы фильмдер», - фестивальге қатысуы туралы осылай деді режиссер Әділхан Ержанов.
Негізгі конкурс және «Көршілер/Достар» бағдарламасынан басқа фестиваль аясында Ингмар Бергманның ретроспективасы, азиялық және ресейлік анимация көрсетілімдері өтеді. Және қазылар алқасы - режиссерлер кіші Алексей Герман, Алексей Попогребский және Таминех Миланидің, сценаристер О Чжун-ми және актриса Мария Шукшинаның фильмдері көрсетіледі.