Қазақстан • 25 Тамыз, 2018

Жеңіл атлетика: Иван Иванов ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Джакартада жеңіл атлеттер додасы басталды. 

Жеңіл атлетика: Иван Иванов ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық атлеттер арасынан алғаш болып Иван Иванов қола жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Иван Иванов ядро лақтыру сайысында сынға түскен болатын. Біздің спортшымыз 19 метр 40 сантиметр нәтижесімен үздік үштікке енді.  

"Бүгінгі нәтиже көңілімінен шығады. Тек 20 метрге жетіп жығылатын мүмкіндігім шеңберден шығып кеткенім үшін есепке алынбады. Соған аздаған өкінішім жоқ емес. Күміс жүлде қол созым жерде тұр еді. Десе де, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі Олимпиада ойындары бар. Барлығы да енді басталып жатыр", - деді Иванов. 

Ядро лақтырудан Азиаданың алтын жүлдесін үндістандық Сингх Тажиндерпал (20.45), күміс жүлдесін қытайлық Янг Лю (19.52) иеленді. 

 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі