Іссапар барысында Сенатор аудандағы ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып, дихандармен жүздесті. «Мөлдір» ЖШС-нің алма бау мен бидай алқабы және «Құлый» магистралді каналының қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығында соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына тоқталып, аудан аумағынан өтетін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізінің, Шақпақ ауылындағы туннель құрылысының жұмыс барысымен танысты.
Кездесулер кезіндегі жергілікті халықтың тілектері мен ұсыныстары Парламенттің кезекті сессиясының жұмыс барысында ескерілетін болады.