Қазақстан • 27 Тамыз, 2018

Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1 желтоқсан күні Астана қаласының әкімдігі «BI-group»-пен бірлесіп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлер үшін ТМД көлемінде «Seedstars» халықаралық компаниясы басқарып отырған халықаралық технологиялық стартап-инкубатор ашылады. Орталық ЭКСПО маңындағы «Hilton Astana» отелінде орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада алғаш рет ТМД бойынша «Seedstars» стартап-инкубаторы ашылады

Ұлт көшбасшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Астана – инновациялар қаласы» стратегиясы қағидаларын іске асыруда «Hilton Astana» отелінің алаңында Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы МБ мен халықаралық бизнес инкубаторлары «Seedstars» және «BI Property» ЖШС арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім шеңберінде қатысушы компаниялар салған инвестицияның арқасында Астана қаласында адам капиталын дамыту үшін бірегей алаң құрылады, онда қаланың әрбір тұрғыны керемет тәжірибе алып, жаңа технология саласында жеке жобасын іске асыра алады және жастардың әлеуетін дамытуға басымдық беріледі.

«Үлкен қалалардың тәжірибесі көрсеткендей жаһандық қалалардың тепе тең дамуы креативі жоқ индустриясыз мүмкін емес – ол цифрлы технология, сәулет және дизайн, заманауи медиа, өнер мен мәдениет. Сол себепті, біз креативті кластердің негізін қалыптастыратын Қалалық инновациялық алаң құрмақпыз. Мұнда астананың инновациялық экожүйесі қалыптасады», - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Қалалық инновациялық алаң құру стартап-жобаларды дамыту үшін кең мүмкіндікті ашады және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа кәсіпкерлер буыны мен цифрлы номадтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін алаң резидентінде менторлардың ауқымды желісі, консультанттар, техникалық мамандар, бизнес-періштелер мен инвестициялық жобаларға барынша қолжетімділік ұсынылады.

Аталмыш алаңның ерекшелігі мынада, әрбір қазақстандық әзірлеушінің алдында ІТ-технологиясы саласындағы әлемдік тенденцияға қолжетімді мүмкіндік ашылады. Бұл «Seedstars» басқаратын  ТМД көлеміндегі бірден бір коворкинг-орталық болмақ.

Халықаралық бизнес-инкубатордың серіктестерінің бірі Дэвид Дэкомбес «орталықта әлем бойынша 70 мыңнан астам стартапер, кәсіпкер мен инвесторлар бар. Жобаға қосылғаннан кейін Астана да бірыңғай желінің бөлшегіне айналып, тәжірибе алмасуға және  технологияның дамуы үшін өзіне үлкен мүмкіндіктер ашатынын»  айта кетті.

Алаңда 14 коворкинг-кеңсе қарастырылды және де коливинг аумағынан техникалық шешімдерді әзірлеу үшін және қалалық тапсырмаларды шешуге бағытталған мобильді қосымшаларды іске қосуға ыңғайлы 14 орындық қарастырылды.

«Бұл инновациялық әзірлеушілер уақытты бірге өткізіп, тәжірибе алмасуға, жобаны талқылау үшін жасалып жатқан кеңістік. Яғни тірі зертхана, ол жерде қала тіршілігінің әрбір саласында транспорттан ТКШ дейін қолайлы жаңа шешімдер жасалады. 

Қатысушыларға қойылатын басты критерий – инновациялық, технологиялық өнім жасау. Жобаны іске асыру ең бірінші астанада, әрі қарай бүкіл Қазақстанға бағытталады. Одан басқа, орталықтың жұмысы қала экономикасына оң ықпалын тигізіп, болашақта халықаралық аренаға шығуы мүмкін», - деп түсіндірді Инновациялық экожүйені дамыту орталығының бас менеджері Жасұлан Кенжеғалиев.

Қазіргі таңда «BI Property» компаниясы «Hilton Astana» отелінің территориясында жобаны іске толықтай қосу үшін кеңсе дайындауда. Жөндеу жұмыстары осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталады.