23 Желтоқсан, 2011

Кездесудің жай-жапсары баяндалды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ал­ма­ты қалалық филиалының жетекшілері Алатау ауданының бір топ тұрғынымен кездесті. Осы ара­да түсінікті болу үшін құла­шын жайып келе жатқан оңтүстік астананың жаңадан құрылған ауданында заңсыз жер телімдерін иемдену, заңсыз құжаттар арқылы баспана көтеру ең көкейкесті мә­се­лелердің қатарында тұрғанын айта кетелік. Бұл жерде аңқау ел­дің құқықтық сауатсыздығын пай­даланып, жер телімдерін заңсыз саудалап жіберген пысықайлар­дың да қолтаңбасы бар. Сон­дық­тан бұл мәселеге әлі нүкте қой­ыл­ды деп айтуға болмайды. Осы кездесудің жай-жапсары туралы бізге партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Төгісов баяндап берді. – Бүгін Алатау ауда­нынан бір топ адам келді. Олардың жер телімдерін заңдастырулары қажет. Бұрын 600-ге тарта тұрғын Алатау ауданының әкімдігіне арыз­данып, үйлерінің заңсыз қи­ра­тылғандықтарын жеткізген. Осы­дан кейін Алатау ауданы әкім­дігінде қоғамдық ұйым құрылып, оған бірнеше партия қосылып, осы мәселеге оң ықпал етпек бол­ғанбыз. Көктемде сол адам­дар­дың ішінде 217 адамның құжаты дұрыс екендігін анықтап, оны заңдас­тыруға шешім шығарып, қалалық жер басқармасына жіберген едік. Сол адамдардың 50-60 шақтысы мемлекеттік актісін алып, жер телімдерін заңдас­тыр­ған. Қалған­дары­ның мәселесі әлі шешілген жоқ, – деді Әмірбек Төгісов. Қысқасы, ЖСДП Алматы қалалық фи­лиалының төрағасы Ала­тау ауда­нының тұрғындары­мен кездесіп, пікірлесіп, заңдық тұрғыда кеңестер бергенін айтты. Және олардың құжаттарын дұ­рыс­тауға көмектесіп, бұл мәсе­ле­ні заң жүзінде шешуге оң ықпал етуге әрекет жасайтындығын жеткізді.  Айнаш ЕСАЛИ. АЛМАТЫ.
Соңғы жаңалықтар