Әлем • 26 Тамыз, 2018

Америкалық сенатор Джон Маккейн өмірден озды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық сенатор Джон Маккейн 81 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Америкалық сенатор Джон Маккейн өмірден озды

Америкалық сенаторлардың бірі Джон Сидни Маккейн III 2018 жылы жергілікті уақытпен 16:28-де қайтыс болды. Марқұмның өмірмен қоштасар сәтінде жанында отбасы мүшелерінің болғаны айтылады заң шығарушының аппараты таратқан мәлімдемеде.

Сондай-ақ сенатор аппаратындағылар «Маккейннің 60 жыл бойы Құрама Штаттарға адал қызмет еткенін» атап өтті. АҚШ сенаторының диагнозы туралы 2017 жылы 19 шілдеде жарияланған. Маккейннің өкілдері онда сол жылғы 14 шілдеде Финикс қаласындағы (Аризона штаты) медициналық орталықтың хирургтері  сәтті ота жасағанын, сенатордың сол көзінен ұйыған қанды алып тастағанын хабарлаған болатын. Ал 24 тамызда Маккейн дерттің асқынуына байланысты ем қабылдауын тоқтатқан еді.

Джон Маккейн 29 тамызда 82 жасқа келер еді. АҚШ Президенті Дональд Трамп қайғылы оқиғаға байланысты саясаткердің отбасына көңіл айтты.

«Джон Маккейннің отбасына орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын. Біздің жүрегіміз бен дұғамыз сіздермен бірге», деп жазды ол Twitter парақшасында.

Соңғы жаңалықтар