Өнер • 28 Тамыз, 2018

Әнші әжелер

1463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы әжелерді көрген кішкен­тайлар «әйәй әже» деп қызық­са, ересектер әуенді ә­ндерін қызыға тыңдай­ды. Өнер­паз әже­лердің халқымыз­дың дәс­түрлі әндерін бірігіп шыр­қап келе жатқанына да бес жыл болыпты. 

Әнші әжелер

Иә, бәрі сол көрші елдегі «Буранов­ские бабушки»-ден бастал­ған-ды. Замандастарының өнеріне тәнті болған әжелер игі бір идеяны іске асыру үшін, апта сайын жиналып, ән айтып, бойдағы дарындарын оятқан. Ілгеріде Сайрам ауданында бірі – ұстаз, енді бірі – дәрігер, есепші мен жеміс өңдеу зауытының технологы болған зейнеткерлер, атап айтқанда, Роза Үсенбекова, Күләш Бәйдібек, Әнипа Ысқақова, Ұлжан Оңғарбаева, Қалдыгүл Тұманбаева және Таңсық Бөрібекованың апта сайынғы «репетициясы» нәтижесінде өнер тобы өмірге келді. Біріге ән салып, мере­келік іс-шараларда өнер көрсете бас­тады. Көп ұзамай-ақ көпші­лікке танылды. Әжелерді концерт­тік бағ­дарламаларға ғана емес, театр­лан­дырылған қойылым­дарға, сондай-ақ музыкалық бейнебаян­дарға түсуге шақыратындар көбейді. Ұлттық мерекелердің көзайымына айналды. Ал сахнаға арналған ұлт­тық киім­­дерді тіктіруге ұл-қыздары кө­­мек­­те­сіпті. Өнер жолында қол же­т­­кіз­ген жетістіктері де аз емес. Мы­салы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық сайыста І орынды, облыстық патриот­тық әндер байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Ән арқылы жастарды отан­сүйгіштікке, туған жерді қас­тер­леуге, ынтымақ-бірлікке шақыруды мақсат еткен «Көркем әжелер» жуырда Астанада өткен «Қымызмұрындық» фестивалінде көпшілікті өз өнер­лерімен тәнті еткен болатын.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы