Тарих • 29 Тамыз, 2018

Сәбит ПӘРМЕНҚҰЛ. Отырар өңірінің көне атаулары

443 реткөрсетілді

Көнеден жеткен жер-су атау­ларының шығу тарихын зерттеуде басты назарда болатын жайт, сол жерді мекендеген халықтардың шығу тарихы, тарихта алатын орны және әлеуметтік-экономикалық жағдайын терең білу қажет. Бұл жерде тарихи оқиғалар мен тайпалардан бөлек, жер бедерінің географиялық орналасу процесі де бізге көптеген мағлұмат береді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тарихы тереңнен бастау алатын Отырар өңірі аз зерттеліп жүрген жоқ. Орта ғасырларда Отырар немесе Фараб деп аталған қала Оты­рар – Фараб аймағының астанасы болған. Ғалымдардың пайымдауынша, «Оты­рар» атауы – «қоныс тұрақ», ал, «Фа­раб» – «өтетін жер, өткел» мағынасын береді екен.

Отырар қаласының атаулары әр жиһанкездің жазбаларында әрқалай атпен берілген. Әсіресе, Отырар, Отырар­бенд, Фараб, Тұрар, Танбанд, Тарбан деген атаулар жиі кездеседі. Бір деректерде Фараб не Бараб деген жер атауы соғдының Параб, яғни «өзеннің арғы жағалауы», «өткел орны» деген сөзінің арабтық графикалық үлгісі болып табылады. Ал А.Әбдірахмановтың пікіріне сү­йенсек, Фараб сөзін Иранның Пуроб, яғни «суы мол, сулы жер» дегенінен таратады.

Бұл жерде қазіргі таңда аталып жүрген Отырар атауының қашан пайда болғаны, нақты қандай мағына беретіндігі туралы дерек әлі күнге нақты болмай отырғаны шындық.

Ендігі кезекте, осы өңірден әлі күн­ге дейін ара-тұра кездесіп қалатын көне атау­лар мен киелі орындар­ға келер болсақ, Нарын мен Қара­дария өзендерінің Ферғана қазаншұңқы­рын­дағы қосылған жерінен бастау алатын Сырдария өзені туралы алғашқы дерек Геродоттың «Әлем картасы» еңбегінде айтылады. Жалпы, қазіргі уақытта Сырдария өзенінің көне атауларының бірнеше нұсқасы сақталып отыр.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Уахит Шәлекеновтің 90 жылдық мерейтойына арналып шығарылған «Өнегелі өмір»  жинағынан Сырдария өзені жайында қызықты мәлімет кездестіруге болады. Ғалым Авеста кітабына жүргізілген зерттеулеріне сүйене отырып Ранхы өзенін Сырдарияның ескі атауы деген пікірді алға тартады.

Сырдария өзенінің бұған дейін де, бұдан кейін де көптеген атқа ие бол­ғаны белгілі. Бұлардың ішінде көп­шілікке таныс бірқатар атауларға жеке тоқталатын болсақ, көне гректерден жет­кен мәліметтен өзенді «Яксарт» атауымен кез­дестіреміз. «Yakhsha Arta», яғни, «Үл­кен маржан» атауымен белгілі бұл өзенді Гай Лэ Стрэнждің «Шығыс хали­фат елдері» атты еңбегінде Сыр­дария өзенін жергілікті халық «Шаш» өзені деп атайтындығын, ал, XIV ға­сырда моңғолдар бұл өзенді Гүлзариян деп атағанын жазады. Ал түріктердің қойған атауы Сырсу болса, арабтардан жеткен деректерде «Сейхун» деген атпен аталғаны айтылады.

Археолог-ғалым М.Қожаның «Орта­ғасырлық Отырар: Аңыздар, Де­рек­тер, Зерттеулер» тақырыбында жарық көр­ген еңбегінде Сырдария өзені мен оның ескі арналары туралы көптеген аңыздар мен құнды деректер келтірілген.

Ел арасында Сырдың орта ағысын мекендеген ұлыстар мен тайпалардан қалған, қазіргі таңда ұмыт бола бастаған Шаншар, ШәмілДүр, Өгізсай сынды жекелеген этноатаулар ара-тұра кездесіп қалады. Қазіргі таңда бұл атау­лар тұрақты түрде қолданылмаса да ауызекі диалектикада, мақал-мәтелдер арасында және эпостық жырлар мен аңыз-әңгімелерде кездеседі.

Тарихтан белгілі, ІХ-Х ғасыр ара­лы­ғында Сырдың орта және төменгі ағы­сын Оғыз тайпасы мекендеген болатын. Х ғасырдың бірінші жартысы мен
ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпаларымен болған  ұрыс нәтижесінде ұлы көш орын алып, Сырдарияның орта және төменгі ағысында орналасқан Оғыз тайпалары қазіргі Түрікменстан жеріне көшкен болатын. Отырар жерінде оғыз тайпаларынан қалған Шаншар, Өгізсай сынды этимологиялық атаулар кездеседі.

Ал Сырдария өзенінің ескі арнасы болып табылатын «Өгізсай» атауы да осы тайпалардан қалған болуы мүмкін деген пікір қалыптасып отыр. Сонымен қатар Отырар ауданының орталығы Шәуілдір атауы да оғыздардан қалған белгі болуы мүмкін деген пікір туындап отырғаны шындық.

Отырар өңірінен анықталып отырған көне атауларды зерттеуде тарихи-географиялық маңызы мен ландшафтық ерекшелігіне, шаруашылығына баса назар аударған дұрыс сияқты. Қазіргі таңда Отырар өңірінде толықтай болмаса да топонимикалық атаулар біршама зерттелген. Алдағы уақытта зерттеу жұмысын бұдан әрі жандандырып, кең ауқымда жүргізуді қолға алу қажет.

Сәбит ПӘРМЕНҚҰЛ,

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкері

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Майдан тудырған сөз

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар