Аймақтар • 29 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда қоғамдық кеңестің тұңғыш сьезі өтті

134 реткөрсетілді

Облыстық қоғамдық кеңес осыдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Бұл жолы оның мүшелері алғашқы сьезде бас қосып, жұмыс нәтижелерін қорытындылады. 

Алқалы бас қосуда осы кезеңде атқарылған шараларға талдау жасалып,  шешімін таппай жүрген толғақты мәселелер талқыланды.

«Елімізде 200-ге жуық қоғамдық кеңес болса, 15-і біздің өңірде жұмыс істейді. Олар араласпайтын сала кемде кем.  Жергілікті бюджетті бекітуге,орындалуына, жұртшылықтың арыз-шағымдарында айтылған проблемалардың шешілуіне белсене атсалысады.Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы әркез басты назарымызда. Жұртшылықты жол қатынасы, ауыз су жағдайы көбірек толғандырады. Осыған орай кеңес мүшелері жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалайтын жаңа жүйені енгізу туралы ұсыныс енгізді. Есіл ауданының Покровка-Ильинка бағытындағы тас жолды қалпына келтіруге 120 миллион теңге бөлінгенімен, сапа жайы қанағаттандырмайды», дейді қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырлы Едіресов. 

Биылдан бастап «Қоғамдық бақылау картасы» енгізіліп,  50-ден астам  адам оның қызметіне жүгінген. Жұртшылықтың сауалдары, хабарламалары және  мониторингтік талдаулар бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қаржының мақсатты жұмсалуы қадағаланады. Ауылдық округтерде сенім телефонондары орнатылған.

Ақжар аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бектұрсын Қасейіновтың айтуынша аудан Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан. Кеңес кезінде  тартылған жол әлі жөндеу көрмеген. Ауыз су жүйесі жеке меншіктің иелігінде болғандақтан, тіршілік нәрін босату  графигі сақтала бермейді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар