Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдіру туралы баспасөз мәслихаты өтті

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдірудің жаңа әдістеріне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдіру туралы баспасөз мәслихаты өтті

Аталған шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі,  Жоғарғы соттың судьясы Әділ Құрықбаев, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Астана қалалық сотының судьясы Ардақ Балағұмарова,  Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының кеңесшісі Балгүл Раисова қатысты.

Алғаш сөз алған Ә.Құрықбаев елімізде мемлекеттік биліктің бір сатысы ретінде сот билігі қызмет етеді деді. Ал осы сот билігі Жоғарғы сот пен жергілікті соттарды құрайды. Міне, осы сот жүйесіне қажетті мамандарды таңдау қызметін Жоғары Сот Кеңесі жүргізіп отырады. Жоғары Сот Кеңесі еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сапалы жұмыс істеп келеді. Шетелдік озық тәжірибелерді жинақтады. Осылайша Жоғары Сот Кеңесі кадрларды іріктеудің тың тәсілдерін таба білді. Соның арқасында бүгінде сот жүйесі білікті мамандармен қамтамасыз етіліп отыр.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері сөйлеген сөздерінде судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсты өткізу тәртібін жаңғыртудың және судья лауазымына біліктілік емтиханды тапсыруды жетілдірудің негізгі бағыттары туралы да айтып берді.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»