24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1258

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 1 қараша, Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесін және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №36, 296-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; 1-тармақта: 1) тармақша алып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 1 қарашадағы  №1258 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы №511 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) жоғары білімінің болуы; 2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сарапта­маның нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіз­дері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы; 3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы; 4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы №1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақ­тандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы; 5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы; 6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.