Аймақтар • 29 Тамыз, 2018

Маңғыстаулық ІІД қызметкерлері балалар қауіпсіздігін талқылады

268 реткөрсетілді

Маңғыстау облыстық ІІД қызметкерлері, облыстық білім басқармасы өкілі және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен «Жасөспірім» мақсатты жедел-профилактикалық іс-шарасы тақырыбында бас қосты. Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, 2018-2019ж.ж. оқу жылының қарсаңында балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі, жасөспірімдер профилактикасын мақсат еткен шараны ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бердібек Нысанбаев жүргізді.

Профилактикасын нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралар мен облыс аумағында 01-10.09.2018 жылы өтетін республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жайында Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол қозғалысын ұйымдастыруды қадағалау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Қ.Айғарақов баяндады.

-2018 жылдың 7 айында балалардың қатысуымен жалпы 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 кәмелетке толмаған бала көз жұмып, 26 бала әр түрлі дене жарақатын алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 42,9 %, яғни 42-ден 24-ге дейін, қайтыс болғандар 50%,  4-тен 2-ге дейін, жарақат алғандар -36,6%, 41-ден 26-ға дейін төмендегенін көрсетті, деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы және кәмелетке толмағандар, оның ішінде топпен жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын сауық-орындарда болу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу мақсатында облыс аумағында 27.08.-05.09.2018 жылы республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығы және 15-18 тамызда «Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сатуға және сатып алуға жол бермеу» жедел-профилактикалық ісшарасында қала ішіндегі көңіл көтеру кафе-барлар, компьютерлік және дүкенде тексеріліп, түнгі уақытта спирттік және алькоголдік,қорқор өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ аға инспекторы полиция капитаны К.Кылишаева баяндады.

-ҚР ӘҚБтК 132 бабымен жасөспірімдердің түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерде болуы бойынша 4 әкімшілік хаттама, жасөспірімдерге темекі бұйымын сату бойынша 10 құқықбұзушылық, яғни «Рима», «Ирин», «Ердаулет», «Балжан, «Алекс», «Рахмет», т.б. дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерде болуы бойынш -6 кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден  кейін ойын-сауық мекемелерде яғни 11 ш/а «Плей граунд» компьютерлік клубында жүргені анықталып, Ішкі істер басқармасына жеткізіліп, ата-аналарына хаттамалар толтырылды. Осындай оқиғалардың оқу кезеңінде белең алып кетпеуі үшін 27.08.-05.09.2018 жылы аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы ауқымды көлемде қайта өткізіп отыр, деді ол.

Статистикалық мәліметтер бойынша жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс 2445 хаттама және ойын сауық-орындарда (сағат 22:00ден таңғы 06:00 ге дейін кафе, ресторан, бар, компьютер клуб)  жүру фактілері бойынша жалпы 47 хаттама ата-аналарға толтырылған.

Осындай құқықбұзушылқтарды болдырмау және алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары мен құзырлы орган және БАҚ өкілдерімен бірлескен облыс аймағында ауқымды рейд жүргізілмек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Азаматтық ұстаным

Руханият • Кеше

Үңгірлерге жарық түспек

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар