Медицина • 29 Тамыз, 2018

Жемқорлықсыз қоғам – ұлттың жарқын келешегі

81 реткөрсетілді

Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетті іштей ыдырататын әлеуметтік құбылыс. Жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мақсат тұтқан мемлекетімізде дамудың  бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз  қоғам құру міндеті тұрғаны белгілі. Тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, түп-тамырын жойып жіберуге  күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті, озық елдердің қатарынан  мықтап орын тебуге  кедергі келтіріп, қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен түрлі әдіс-айламен күресуде.

Осы бағытта Ұлттық кітапханада  «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет» тақырыбында шолу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі» тақырыбында кездесу, «Жемқорлықпен күресу» безендірілген кітап көрмесі және т.б. шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Студенттер мен жастардың рухани ордасына айналған кітапхана мамандары үшін басты  мақсат  келуші оқырмандарға, оқушы,  студенттерге  сыбайлас  жемқорлық  мағынасын  түсіндіру, жемқорлықтың белең алмауына жол бермеу жайлы кеңінен ақпарат беру.

ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Айсұлу Тәжібаеваның мәліметі бойынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды рухани жаңғыруға шақыру мақсатында кітапхана жанынан ашылған  «Ынтымақ» бірлестігі де сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта да парасат ордасында  жемқорлық дертін алдын алуға байланысты түрлі көрмелер мен іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Мамандардың зерттеулері бойынша, елімізде сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты анықталмауы салдарынан ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. «ТрансПеренси Интернейшнл» ұйымының рейтингісінде еліміз 180 елдің арасында 122-ші орында тұр». Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес  тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру кітапханада өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.

 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар