Әлем • 29 Тамыз, 2018

Мысырда 22 қазақстандық турист отырған автобус аударылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мысырда жолаушылар автобусы аударылды. Автобустың салонында 22 қазақстандық турист болған, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Мысырда 22 қазақстандық турист отырған автобус аударылды

Oқыс оқиға жергілікті уақытпен 29 тамыз күні сағат 4:30 шамасында Хургада-Каир тас жолында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатымен екі Қазақстан азаматы жақында орналасқан «Рас-Гариб» елді мекенінің ауруханасына жеткізілген. Ол жерде Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсетілген.

 «Қазіргі уақытта Қазақстан консулының күш салуымен толыққанды медициналық көмек көрсетіп, қосымша диагностикалық процедураларды жүргізу үшін ҚР-ның аталған екі азаматы жедел жәрдем көлігімен Хургада қаласындағы «Әл-Мысри» ауруханасына жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.

Автобустағы қалған басқа жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Хургадаға жеткізілген оларға жергілікті ауруханада медициналық көмек көрсетіленнен кейін қонақ үйлеріне қайтып, демалыстарын жалғастыруда.

«Жағдай Мысырдағы Қазақстан елшілігінің бақылауында», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар