24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1269

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2011 жылғы 1 қараша                                  Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №50, 665-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аң шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан соң міндетті түрде орындалуға тиіс және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.