24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1366

214 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2011 жылғы 22 қараша                                       Астана, Үкімет Үйі

Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын және темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 159-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына және 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

2) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту (бұдан әрі – Ескерту) бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап он сегіз ай өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4, 6-тармақтарын және Ескертудің 2, 5-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қағидалардың 5-тармағы осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап он сегіз ай өткен соң күшін жояды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы  №1366 қаулысымен бекітілген

Темекі бұйымынын қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.

2. Осы Қағидалар темекі мен темекі бұйымдарын импорттау, өндіру, көтерме және бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және занды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

2. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібі

3. Шайырлы заттар мен никотин құрамының деңгейі туралы мәліметтер темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына жазылады және темекі бұйымы қорабының, қаптамасының бір жақ бүйір бетінің кемінде 4%-ын (төрт пайызын) алады.

4. Кемінде үш зиянды қосылыстың құрамы туралы мәліметтер:

1) жүйелік улар: күшәла, сынап, ацетон, көгерткіш қышқыл, аммоний, фенол;

2) канцерогендік заттар: полоний-210, бензол, формальдегид, бензпирен, кадмий, акролеин;

3) мутагендік заттар: ацетальдегид, толуол, қорғасын, акрилонитрил, көміртегі монооксиді, 3-аминобифенил туралы ақпаратты қамтиды.

5. Кемінде үш зиянды қосылыс – жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың құрамы туралы мәліметтер темекі бұйымдарының

қорабына және қаптамасына: «Темекі бұйымдарының түтінінде: формальдегид, бензол және көміртегі монооксиді бар» деген жазба түрінде жазылады және темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағына орналасады.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында санамаланған он сегіз түрдің кемінде үш зиянды қосылысы – жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттардың құрамы туралы мәліметтер:

1) солдан оңға қарай темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымы қаптамасының сол жақ шетіне параллель орналастырылады;

2) сол жақ бүйірінің ортаңғы беті көлемінің кемінде 17%-ын (он жеті пайызын) алады;

3) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымы қаптамаларының шамамен тең мөлшеріне орналастырылады.

7. Мәліметтер жазылған мәтін мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады;

2) қаріптің атауы – Helvetica kz;

3) сол жақ шеттен бос жер – кемінде 2 мм;

4) түсі – қораптың негізгі аясының түсіне қарама-қарсы;

5) басқа баспа ақпаратымен немесе акциздік маркамен бүркелмеуі тиіс;

6) жыртылатын жерінде орналаспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы  №1366 қаулысымен бекітілген

Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына

орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту

1. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымдарының қаптамасында орналастырылатын Темекі шегудің зияны туралы ескерту (бұдан әрі – Ескерту) темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары туралы ақпаратты білдіреді.

2. Темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдарын бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті сурет және онымен бірге жазылатын жазба:

1) осы Ескертуге қосымшаға сәйкес эскиздерге сай келуі;

2) темекі бұйымы қорабының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының үстіңгі бөлігінде орналасуы;

3) темекі бұйымы қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағында орналасуы;

4) күнтізбелік жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымы қаптамаларының шамамен тең мөлшеріне орналастырылады және жоғары деңгейде (CMYK кемінде 300 dpi) басылуы тиіс.

3. Ескерту мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымдары қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде 40%-ын (қырық пайызын) алуы;

2) мөлдір орауыш пленкаға немесе қандай да бір басқа сыртқы орауыш материалға басылмауы тиіс.

4. Ескертудің жазбалары, ілеспе толық түрлі-түсті суреттер екі тілде (бет жағында – мемлекеттік тілде, келесі бетінде – орыс тілінде) басылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:

1) «Темекі шегу инфаркт пен инсультқа шалдықтырады»;

2) «Темекі шегу – өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады»;

3) «Темекі шегу – өкпе эмфиземасына шалдықтырады»;

4) «Темекі шегу – тамыр ауруларына шалдықтырады»;

5) «Темекі шегу – тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады»;

6) «Темекі шегу – баяу әрі азапты өлімге себепші болуы мүмкін»;

7) «Темекі шегу – импотенцияға шалдықтырады»;

8) «Темекі шегу – теріні ерте қартайтады»;

9) «Темекі шегу – бедеулікке және түсік тастауға себеп болады»;

10) «Темекі шегу – есірткіге тәуелді етеді»;

11) «Жүктілік кезінде темекі шегу Сіздің сәбиіңізге зиян келтіреді»;

12) «Балаларды темекі түтінінен қорғаңыздар».

5. Жазбалардың мәтіндері мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) қаріптің атауы – тіліне сәйкес Arial kz және Агіаі;

2) бағыты – солдан оңға қарай, темекі бұйымдары қорабының және қаптамасының төменгі шетіне параллель;

3) түсі – ақ, спектр №255.255.255.

Темекі шегудің зияны туралы ескертуге қосымша