Театр • 30 Тамыз, 2018

Өскемендегі қазақ театрының жаңа маусымы «Қасқыр ұлыған түнде» драмасымен ашылады

332 реткөрсетілді

Өскемендегі қазақ театрының жаңа маусымы О.Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» лирикалық драмасымен ашылады.

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театры өзінің 19-шы театр маусымын 28 қыркүйекте жазушы Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» атты лирикалық драмасымен ашады. Қойылымның инсценировкасын  жасаған, әрі режиссері - Асыл Қозықанов. «Ел болып еске алып, құрмет тұтатын, белгілі драматург, жазушы О.Бөкейдің 75 жылдығына орай қойылатын бұл  қойылым өмірдің өзінен алып жазылған шындық.

«Ақылшым – туған жер,

Ұстазым – тәкаппар да қатал Алтай», жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ» - деп аса зор сүйіспеншілікпен жазған Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларында заман тынысы, адами құндылықтар келісті кескінделеді. Автордың әр шығармасы туған жеріне деген махаббатынан туындайды. Қоғамның дамуындағы болып жатқан түрлі өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды.

Сондай-ақ табиғаттың да адам өмірінде атқаратын ролі зор. Дамып жатқан заман жетістіктерінен шет қалған ауыл өмірі, қоғамдық көліктегі сапарлас қызбен журналист жігіттің тағдыры аппақ қардай жан  тазалығымен астасып келіп, орны толмас өкінішпен аяқталады. Қойылымға келіңіздер, О.Бөкейдің тағы бір шығармасымен таныс болып, рухани қоржындарыңызды толтырыңыздар», - дейді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Шолпан Лақаева.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар